Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 3-14 маусым аралығында дене шынықтыру педагогтері «Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Алматы облысында өткізілген курсқа 25 тыңдаушы қатысты.
Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етті (әдіскер И. Горн жауапты).
Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 3-14 маусым аралығында дене шынықтыру педагогтері «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Жетісу облысының № 29 мектеп-лицейінің оқу базасында өткізілген курсқа 75 тыңдаушы қатысты.
Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етті (әдіскер А. Елубай жауапты).
Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2024 жылдың 3-14 маусым аралығында дене шынықтыру педагогтері «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Астана қаласының Халықаралық педагогикалық колледжінің оқу базасында курстан өткен 50 тыңдаушыға ҰҒПДТО бас директорының м.а. С. Куптилеуова мен бас директордың орынбасары Р. Рысбекова мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.
С. Куптилеуова өз сөзінде: “Қазіргі таңда білім алушылардың тұлғалық дұрыс қалыптасуына, спорт саласына бет бұруына, дене мәдениетінің дұрыс қалыптасуы үшін төзімділік қасиетін дамыту бойынша дене шынықтыру мұғалімдеріне жауапкершілігі мол міндеттер жүктеліп отыр” -деп, атап өтті.
Р. Рысбекова “Әр педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған білімін оқу процесінде қолдана білуі және курстан кейінгі дамуына мән беруі - өз кәсібіне деген сенімділікті нығайтады” - деп, түйіндеді.
Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етті (аға әдіскер А. Бейсембаева жауапты).
Павлодар қаласындағы Ж.Ташенов атындағы орта мектептің, Медициналық колледждің оқу базаларында және Юность манежінде баскетбол, гандбол, волейбол, футболдан Қазақстан оқушыларының ХІІ жазғы Гимназиадасы өткізілуде.
баскетболдан ұлдар арасында 7 команда бойынша 84 оқушы;
гандболдан қыздар арасында 7 команда бойынша 84 оқушы;
волейболдан ұлдар арасында 7 команда бойынша 79 оқушы;
футболдан қыздар арасында 8 команда бойынша 82 оқушы қатысуда.
11 маусымда басталған батыл әрі өр мінезді оқушылардың ұмытылмас жағымды эмоцияларға толы сайысы жалғасуда.
Білікті төрешілер командалық, жекелей сайыстарда үздік өнер көрсеткен командаларды 16 маусымда анықтайды.