Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің теориялық білімдері мен кәсіби шеберліктерін, дағдыларын тереңдетуге бағдарланған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.
Шымкент қаласында 2024 жылғы 3 маусымда басталған «Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына 15 тыңдаушы қатысуда .
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Біліктілікті арттыру курсында Орталықтың тәжірибелі тренер-лекторлары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне негізгі дене қимыл-қозғалыстарының сапасын арттыру, нығайту, заманауи дене шынықтыру жаттығуларды үйлесімді қолдану, икемділік қабілеттерді дамытудың әдістерін үйретуде (аға әдіскер А. Мираманов жауапты).
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің теориялық білімдері мен кәсіби шеберліктерін, дағдыларын тереңдетуге бағдарланған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.
Ақтөбе облысында 2024 жылғы 3 маусымда басталған «Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына 16 тыңдаушы қатысуда .
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Біліктілікті арттыру курсында Орталықтың тәжірибелі тренер-лекторлары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне негізгі дене қимыл-қозғалыстарының сапасын арттыру, нығайту, заманауи дене шынықтыру жаттығуларды үйлесімді қолдану, икемділік қабілеттерді дамытудың әдістерін үйретуде (зертхана меңгерушісінің м.а. А. Ташранов жауапты).
2024 жылғы 3 маусымда Алматы облысында басталған біліктілікті арттыру курсы жалғасын табуда.
«Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына 25 тыңдаушы қатысуда.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Біліктілікті арттыру курсында Орталықтың тәжірибелі тренер-лекторлары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне негізгі дене қимыл-қозғалыстарының сапасын арттыру, нығайту, заманауи дене шынықтыру жаттығуларды үйлесімді қолдану, икемділік қабілеттерді дамытудың әдістерін үйретуде (әдіскер И. Горн жауапты).