🟢 Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
🟢 Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
Қаралды: 150
Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгерді.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 2024 жылдың 3-14 маусым аралығында дене шынықтыру педагогтері «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Астана қаласының Халықаралық педагогикалық колледжінің оқу базасында курстан өткен 50 тыңдаушыға ҰҒПДТО бас директорының м.а. С. Куптилеуова мен бас директордың орынбасары Р. Рысбекова мемлекеттік үлгідегі сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.
С. Куптилеуова өз сөзінде: “Қазіргі таңда білім алушылардың тұлғалық дұрыс қалыптасуына, спорт саласына бет бұруына, дене мәдениетінің дұрыс қалыптасуы үшін төзімділік қасиетін дамыту бойынша дене шынықтыру мұғалімдеріне жауапкершілігі мол міндеттер жүктеліп отыр” -деп, атап өтті.
Р. Рысбекова “Әр педагогтің біліктілікті арттыру курсынан алған білімін оқу процесінде қолдана білуі және курстан кейінгі дамуына мән беруі - өз кәсібіне деген сенімділікті нығайтады” - деп, түйіндеді.
Біліктілікті арттыру курсы әріптестікті нығайту мақсатында педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіретін әріптестік ортаның қалыптасуына ықпал етті (аға әдіскер А. Бейсембаева жауапты).
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz