Алыш күресінің жеңімпаздарын марапаттау
- Қаралды: 326
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасарлары С. Куптилеуова мен Р. Рысбекова, ғылыми-зерттеу зертханасы жетекшісінің м.а. Ф. Билибаева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отырған «Көшпенділер: тарих, білім, тағылым» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
Конференция үш бағытта ұйымдастырылған: «Тарих және Мәдениет», «Спорттық ғылым», «Орталық Азия Көшпенділерінің Тамақтануы».
«Спорттық ғылым» бағытындағы конференция жұмысында ғалымдар 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне материалдық және материалдық емес мәдени мұралары тізіміне ұлттық спорт ойындары түрлерінің енгізілгенін және ұлттық мұраларымызды насихаттау аясында ауқымды шаралардың жүргізіліп отырғандығын баяндады.
Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміндегі Дәстүрлі зияткерлік және стратегиялық ойыны: Тоғызқұмалақ, Қазақтың дәстүрлі ойыны: Асық, Қазақша күрес спорттық ойындарымыздың әлеуетін күшейту, жаңғырту бойынша еліміздің жаңашыл ұстаздары, ғалымдары, спорт жанашырлары зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көпшілік назарына жаңартылған ойын түрлерін ұсынуда.
Көшпенділер форматындағы ойындар тасымалдауға ыңғайлы тақтайшаларда, арнайы кілемшелерде, алаңдарда ойнатылып дәріптелуде.
Конференция тәжірибе мен идеялар алмасу алаңына айналды, сонымен қатар ғалымдар мен көшпелі қауым өкілдері арасындағы байланысты нығайтты.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. Арман Бақытжанұлы Ташметов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен «Спорт жастардың әлеуметтік интеграциясының құралы ретінде: көшпелі мәдениет сабақтары» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты.
Конференцияны ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесі ұйымдастырды.
Конференция жұмысына ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесі директорының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы өкілі – АМИР ФАЗЛИЕВИЧ ПИРИЧ, ЮНЕСКО-ның 42-ші Бас конференциясы сессиясының төрағасы – СИМОНА-МИРЕЛА МИКУЛЕСКУ, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының дүниежүзілік федерациясының президенті, Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – БОЛАТ ОРАЛҰЛЫ АҚШОЛАҚОВ, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының бас хатшысы – Жанар Есентайқызы Шайменова және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Мирас Қалиұлы Төлебаев қатысып, баяндама жасады, сонымен қатар Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәжіліс залында бүгін дене шынықтыру саласындағы 2025 жылға арналған іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын талқылауға арналған кеңес өткізілді.
2025 жылға арналған халықаралық, республикалық, бұқаралық спорт және дене шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарын талқылауға арналған кеңеске өңірлердегі дене тәрбиесі орталықтарының басшылары мен әдістемелік кабинеттердің, дене шынықтыру және спорт саласының жетекші мамандары қатысты.
Отырысты ҰҒПДТО бас директорының м.а. А. Ташметов ашып, өңірлердегі орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін педагогтердің физикалық дайындығын, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған аттестаттауды өткізудің маңыздылығына тоқталды. Мектеп оқушыларының физикалық дамуы жолында спорттық ойындарды насихаттап, жарыстарды ұйымдастыруда еңбек етіп жүрген педагогтерді қолдау мәселесін ортаға салды.
Талқылау барысында өңірлерден келген тәжірибелі де білікті мамандар республика көлемінде өткізілетін Ұлттық мектеп лигасы мен Гимназиада жарыстарына жүйелі қатысу үшін Облыстардың есеп беру рейтингісіне мектеп оқушыларының спорттық жарыстарға қатысу көрсеткіші тармағын енгізуді ұсынды. Өйткені республикалық жарыстарға қатысуда қаржыландыру мәселесі өзекті екені айтылды.
Білім алушыларды спортқа баулуда орта білім беру ұйымдарында «спорт сыныптарын ашу» мәселесі де назардан тыс қалмады.
Қатысушылар өз өңірлері бойынша бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті.