8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

2024 жылғы 8 қазанда Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының бас директоры А. Ташметов Қазақстан Республикасының баскетболдан Мемлекеттік жаттықтырушысы – Гайна Иван Сергеевичпен кездесу өткізді. Отырыс барысында білім беру ұйымдарында 3х3 баскетболды дамыту, өңірлердегі жаттықтырушылармен өзара тәжірибе алмасу, мектеп оқушыларын баскетбол сайысына тарту, республикалық кешенді іс-шаралар аясында 3х3 баскетболдан жарыстар өткізу, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған онлайн/офлайн форматта семинарлар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2024 жылғы 7 қазанда Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курсқа 615 тыңдаушы қатысуда.

Біліктілікті арттыру курсында Орталықтың білікті тренер-лекторлары өз білімдерімен және практикалық тәжірибелерімен бөліседі, бұл тыңдаушыларға біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар оқу процесінде тың идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы 4 қазанда орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында өткен біліктілікті арттыру курсына 485 тыңдаушы қатысты.
Педагогтер 7 модуль бойынша кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, дене шынықтыру пәнін тиімді өткізудің жаңа тәсілдерін меңгерді. Модульдердің әрқайсысы теориялық білімнен кейін практикалық тапсырмалармен бекітіліп, әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Ұстаздар күні қарсаңында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары Р. Рысбекова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
 
Бұл марапат Р. Рысбекованың қызметтегі жоғары кәсіби шеберлігі мен дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын және спорттық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырудағы бастамалары мен білім саласын дамыту жолында қосқан үлесі үшін табысталды.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар