8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Сыр өңіріндегі үздік командалардың сайысы

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында спорттың 5 түрінен республикалық ұстаздар спартакиадасы басталды. Еуразия спорт кешенінде, «Nursat» теннис орталығында, «Мұз айдыны» спорт кешенінде, «№2 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің базасында өткізіліп отырған сайыстарға дене шынықтыру ғана емес, басқа пәннен сабақ беретін педагогтер де қатысуда.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Педагогтердің спартакиадасына қаржылай жүлделер тағайындады.

ІІІ орын – 500 000 теңге
ІІ орын – 600 000 теңге
І орын – 700 000 теңге

Спорт адам өмірінде маңызды рөл атқарады, педагогтер осындай жарыстарға қатысу арқылы командалық рухты дамытып, өз өңірінің намысын қорғап, спорттық қабілеттерін шыңдай түседі.

🏆 2 қарашада аяқталатын Спартакиада жарыстарында төрешілер үздіктерді анықтайтын болады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бүгін Қарағанды қаласының Қ. Байшолақов атындағы спорт кешенінде Самбодан жасөспірімдер арасында Қанат Байшолақовты еске алуға арналған Республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жарысқа 8 өңірден ең мықты, батыл, әрі өр мінезді 123 оқушы қатысты. Білікті төрешілер командалық есеп бойынша үздіктерді анықтады:
І орын - Алматы қаласы;
ІІ орын -Қарағанды облысы;
ІІІ орын -Павлодар облысы.

2024 жылғы 18 қазанда орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

 

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,  Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізілген 80 сағаттық курсқа 614 тыңдаушы қатысты.

Біліктілікті арттыру курсында тыңдаушылар орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.

Әріптестер дене шынықтыру пәнінде жасанды интеллектті пайдалануға ерекше көңіл бөліп, оқушылар үшін қызықты әрі тиімді етуге көмектесетін инновациялық әдістерді зерттеді және өзара тәжірибе алмасты.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіби құзыреттілігін мен дағдыларын дамыту» тақырыбында Түркістан облысында өткізілген 80 сағаттық курсқа 20 тыңдаушы қатысты.

Орталықтың тәжірибелі тренер-лекторлары заманауи трендтер мен технологияларға назар аудара отырып, дене шынықтыру жаттығуларын тиімді ұйымдастырудың, балалармен жұмыс жасаудың инновациялық тәсілдерімен бөлісті.

Біліктілікті арттыру курсында әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасып, әр педагог өзінің кәсіби дамуына ықпал ететін теориялық/практикалық сабақтарды меңгерді.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар