8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Назарбаев Университетінің Медицина мектебімен бірлесе офлайн форматта 2024 жылғы 12-13 желтоқсанда «Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Өтетін орны: Астана қ., Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 5/1.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 705 418 0548; e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Толық ақпаратты конференцияға арналған сайттан қарауға болады

 

Картадан қарау

 

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін алғашқы республикалық инклюзивті жарыс!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры мен «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілуде.

🏅 Фестиваль аясында Бочча, «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика» секілді спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылуда.

🗓️ Іріктеу турлары Қазақстанның 17 өңірінде өтті, 1754 бала қатысып, республикалық кезеңге 16 облыс, 189 оқушы жолдама алды!

🎤 Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Уразова Арай Асылбекқызы сөз сөйледі.

Біздің балаларымыздың мүмкіндіктерін бірге кеңейтіп, спортқа деген сүйіспеншілігін арттырайық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «Ұлттық зияткерлік ойындар» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің конференц-залында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары үздік тәжірибелерін ортаға салды.

Қазақтың ұлттық ойындары адамдарды біріктіреді, стратегиялық ойлауды дамытады.

🏆 2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткізілген «Ұлттық зияткерлік ойындар» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы «Бестемше» ұлттық ойынының жарысына ұласты.

Еліміздің барлық өңірінен келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының шеберліктері жарыс көркін қыздыра түсті.

Жарысқа жалпы 297 адам қатысты.

🏆 Жарыс нәтижесінде:
Ұлдар арасында
🥇орын — Тайжибек Сүйеу - Қарағанды облысы
🥈орын — Сагындыков Медет - Ақмола облысы
🥉орын — Касенов Асхат- Астана қаласы
🥉орын — Қуандықов Ерлан - Астана қаласы
🥉орын — Уажанов Мұрат- Астана қаласы

Қыздар арасында:
🥇орын — Қызырова Зере - Алматы қаласы
🥈орын — Аскарова Назгуль - Көкшетау қаласы
🥉орын — Оспанова Айсұлу- Көкшетау қаласы
🥉орын — Кожанова Мейргүл - Абай облысы
🥉орын — Палашова Жамила- Шымкент қаласы
🥉орын — Ошақбаева Жанна - Астана қаласы

⚜️ Жарыс қорытындысында ҰҒПДТО бас директорының орынбасары С. Куптилеуова ерекше ойын өрнегін көрсете білген барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды құттықтап, оларға кубок, медаль, диплом табыстады.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар