8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарқа 6, 9 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы аясында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының жаңашыл ұстазы - Б. Шилібаев авторлық "Үшбас" ұлттық ойынын көпшіліктің назарына ұсынды.
Асық ойынының заманауи әдістерін, жаңаша бағыттарын қамтитын бұл ойынды бүлдіршіннен бастап үлкен адамдар да ойнай алады.
Ойын адамның мергендік, ептілік, математикалық қабілеттерін ұштайды.
Ойынның ережесін сақтау арқылы адам физикалық дұрыс қозғалысын, қозғалыс үйлесімділігін бақылай алады.
Ойынды әр түрлі идеямен, қазіргі заманға лайықты түрде далалық (алаңдық) немесе үй ішілік (тақталық) немесе арнайы үстел үстінде (бильярд және үстел теннисіне ұқсас), жиналмалы (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және нарды тактасына ұқсас) тақталардың үстінде де, алаңда да ойнауға болады.

Елордада ұйымдастырылып отырған осы ауқымды шараға Орталықтан шынықтыру саласындағы мамандар, педагогтердің біліктілігін арттыру зертханасының жетекшісінің м.а. Б. Шилібаев пен аға әдіскер Ә. Мираманов қатысып, дәстүрлі асық ойынының қазіргі заманға сай жаңартылған нұсқасын таныстырды.
Асық ойыны – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, және оның жаңа форматта қайта ұсынылуы бүгінгі ұрпаққа оны үйретіп, сақтау мақсатында маңызды қадам болып табылады. Ойынның жаңартылған нұсқасы шетелдік қонақтар мен спорт жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып, үлкен ықыласпен қабылданды.
Түрік елінен келген қонақтар бұл ойынға ерекше қызығушылық білдіріп, асық ойынының ережелері мен оның тарихы туралы толығырақ білуге тырысты. Қазақтың ұлттық ойындарына деген осындай шынайы қызығушылық екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.

«Бұл ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер Олимпиадасы деуге болады»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандармен және жұртшылықпен бірге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалап, сөз сөйледі.
«Шын мәнінде, көшпенді халықтар барлық құрлықта бар, олардың ізін Еуропа мен Азиядан, Африкамен Америкадан көруге болады. Көшпенділердің мәдениеті, рухани қазынасы, құндылықтары ортақ. Көшпенді халық ең алдымен рухы азат жұрт. Көшпенділер үшін өмір мәңгілік қозғалыс. Олардың әр қадамы жаңа әлемде жасалған жасампаз қадам. Біз ежелден қонақжай халықпыз, жаңалыққа жаны құмар, түрлі мәдениетке ашық жұртпыз», дейді Президент.
«Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр Намбарын, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, сондай-ақ ЮНЕСКО, АӨСШК, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі инвестициялық қоры, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Ислам спорт қауымдастығы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Бүгін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары С. Куптилеуованың жетекшілік етуімен дене шынықтыру саласындағы мамандардың, педагогтердің біліктілігін арттыру зертханасы жетекшісінің м.а. Б. Шилібаев пен аға әдіскер Ә. Мираманов елордада ұйымдастырылып отырған V Дүниежүзілік көшпенділер ои‌ындары қарсаңында асық ойынының қазіргі заманға сай жаңартылған нұсқасының таныстырылымын өткізу мақсатында Қазанат ипподромында келген қонақтарға шеберлік сабағын өткізді.
Ертеңгі дүбірлі шарада ұлттық зияткерлік ойынымыздың авторларына сәттілік тілейміз
 
 
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар