Спорттық жабдықтардың қауіпсіздік стандарттары бойынша дөңгелек үстел
Спорттық жабдықтардың қауіпсіздік стандарттары бойынша дөңгелек үстел
Қаралды: 90
2024 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстан стандарттау және метрология институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Футбол федерациясының мәжіліс залында өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.
Спорттық жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы стандарттарды түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстелде елімізде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген стандарттар туралы айтылды:
-«Ойын аймақтарына арналған жабдық. Баскетбол жабдығы. Функционалдық талаптар, қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері»;
-«Ойын аймақтарына арналған жабдық. Волейбол жабдығы. Функционалдық талаптар, қауіпсіздік талаптары және сынау әдістері»;
- «Коньки паркі. Қауіпсіздік талаптары мен сынау әдістері».
Кеңесте көпфункционалды спорт кешендерінде, ашық жаттығу алаңдарында футбол, баскетбол, волейбол секілді бұқаралық спортпен шұғылдануға мүмкіндіктердің жасалуымен қатар қауіпсіздік мәселесін де назардан тыс қалдырмау қажеттігі талқыланды.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. А. Ташметов өз сөзінде спортпен шұғылдану барысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңыздылығына тоқталып, жаңадан салынып жатқан спорт залдары мен алаңдарындағы бетон жабындарға қатысты мәселе көтерді. Бетон жабындар білім алушылардың ең алдымен денсаулығына зиян, одан бөлек оқу-жаттығу процесінде жарақаттану қаупі жоғары. Яғни ашық/жабық спорт залдары мен алаңдарының құрылысына қауіпсіз материалдар мен технологияларды пайдалануды, бетон беттерін жұмсақ жасанды көгал кілемімен жабдықталуы, дене шынықтыру мен спорт нысандары қауіпсіз болуы тиіс, – деген ұсынысын ортаға салды.
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz