Дене шынықтыру пәні педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы басталды!
- Қаралды: 89
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 23 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында басталған курсқа орта білім беру ұйымдарының 496 дене шынықтыру педагогі қатысуда.
Курс бағдарламасы 7 модульден тұрады. Олардың әрқайсысы дене шынықтыру пәні бойынша білімді тереңдетуге және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
Орталықтың білікті тренер-лекторлары тыңдаушыларға
-оқытудың заманауи әдістері: оқытудың инновациялық тәсілдерін зерттеу;
-спорт психологиясы: оқушыларды ынталандыру және сабақта жағымды ахуал туғызу;
-қозғалыс белсенділігін талдау: заманауи құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың дене дайындығын бағалау;
-инклюзивті білім беру: ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәсілдері;
-денсаулық сақтау технологиялары: оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған тәжірибелерді жүзеге асыру;
-ІТ құзыреттілік: сабақтардың тиімділігін арттыру үшін қосымшалар мен платформаларды пайдалану тақырыптары аясында педагогтердің кәсіби шыңдалуына арналған теориялық/практикалық білімдерімен бөлісетін болады.