Дене шынықтыру және сауықтыру мәселелері талқыланды
- Қаралды: 136
Дене шынықтыру және сауықтыру мәселелері талқыланды
📚 Бүгін ҰҒПДТО бас директоры А. Ташметов Назарбаев университеті Медицина жөніндегі вице-президент – Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятеллимен және спорттық медицина саласындағы спорт дәрігері, PhD доктор, медицина және хирургия магистрі, бейімдеу және профилактикалық дене шынықтыру магистрі, Назарбаев Университетінің спорттық медицина және оңалту бағдарламасының жетекшісі –Е. Рахмaновпен кездесті.
🟢 Басқосу барысында жас спортшылардың дайындық сапасы мен олардың денсаулығын жақсарту үшін бірлескен бағдарламалар құру жобасы назарға алынды.
✅️ Сондай-ақ А. Ташметов медицина мектебіндегі жаттығу залында нақты уақыт режимінде спортшының жағдайын анықтауға қабілетті жасанды интеллекті (ЖИ) бар тренажерлардың жұмысымен танысты. ЖИ технологияларды енгізу оқу процесінің тиімділігін айтарлықтай арттырып, жарақат алу қаупінің алдын алуға/азайтуға болатынын талқылады.