Тыңдаушылар инновациялық әдістерді зерттеді
- Қаралды: 88
2024 жылғы 18 қазанда орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өткізілген 80 сағаттық курсқа 614 тыңдаушы қатысты.
Біліктілікті арттыру курсында тыңдаушылар орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Әріптестер дене шынықтыру пәнінде жасанды интеллектті пайдалануға ерекше көңіл бөліп, оқушылар үшін қызықты әрі тиімді етуге көмектесетін инновациялық әдістерді зерттеді және өзара тәжірибе алмасты.