2025 жылғы Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасы анықталды
- Қаралды: 19
Қазақстан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысатын ұлттық құраманы ресми түрде жариялады. Шара 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағартуминистрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК хабарлайды.
Команда құрамында 10 спорт түрі, соның ішінде биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша еліміздің атынан өнер көрсететін 103 спортшы бар.
Қазақстан құрама командасы
Биатлон
Шорт-трек
Шаңғы жарысы
Мәнерлеп сырғанау
Михаил Шайдоров, Диас Джиренбаев, Никита Кривошеев, Софья Самоделкина.
Спорттық бағдарлау
Фристайл
Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов, Семен Русаков.
Тау шаңғысы
Александра Скороходова, Ксения Бережная.
Хоккей
Пара шаңғы жарысы
Денис Зинов, Роман Курбанов.
Еске салса кетейік, 2025 жылғы Қысқы Универсиадаға 57 елден шамамен 2000 студент-спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасында 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады. FISU ережелері бойынша, қатысушылардың жасы 17-25 аралығында болып, жарысатын елдің азаматтары болуы және жоғары оқу орнында оқып жүрген немесе Универсиада басталғанға дейін бір жылдан ерте емес бітірген болуы тиіс.