Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- Қаралды: 52
2024 жылғы 24 желтоқсанда ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шарада еңбек шарты негізінде жекелеген лауазымдарды атқаратын жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерді атқару кезінде мүдделер қақтығысына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін жеке мүдделіліктің туындауы туралы жұмыс берушіні хабардар ету тәртібі туралы және мүдделер қақтығысы туралы ережені сақтамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігін түсіндірді, мүдделер қақтығысының типтік жағдайларына шолу жасап, мүдделер қақтығысын реттеудің мүмкін жолдарына талдау жасалды.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша уақытылы шаралар қабылдау (мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар бөлігінде) туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ереже, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Саясат қағидалары талаптарын сақтау туралы айтылды.