«Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау» халықаралық ғылыми-практикалық конференция ҰСЫНЫМДАРЫ
- Қаралды: 12
Білім алушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі жаңа тәсілдерді ескере отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін барлық ресурстарды барынша пайдалану ретінде білім беру саясатының тиімділігін түсіну негізінде Конференцияға қатысушылар ұсынады:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне:
- жоғары оқу орындарына түсу кезінде спорттық разрядтары мен атақтары бар білім алушыларға жеңілдік жағдайларын жасау.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне:
2) Педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізу бойынша:
- педагогтердің кәсіби құзыреттілігін бағалау және растау кезінде (аттестаттау кезінде) спорттық жетістіктерді (спорттық разрядтар, атақтар)және төрешіліктің біліктілік санаттарын қосу;
- білім беру ұйымдары басшыларының рейтингісіне білім алушылардың өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстарға сандық және сапалық қатысуын енгізу.
3) ҰБТ тапсыру кезінде халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған білім алушылардың нәтижелерін ескеру;
4) Қамтамасыз етілсін:
- «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім беру процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеу (әдістемелік материалдарды, оның ішінде цифрлық форматта әзірлеу);
- республикалық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жүйелі өткізу;
- жаһандық құзыреттілік бойынша дене шынықтыру педагогтерінің біліктілігін арттыру.
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген «Дене шынықтыру» пәні бойынша олимпиаданы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіптік шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне және оларды іріктеу өлшемшарттарына енгізу. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 желтоқсанда № 7355 болып тіркелді.
6) бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық жарыстарды Тізбеге енгізу;
7) 9-11 сыныптардың дене шынықтыру сабақтарында топтарға бөлу туралы мәселені қарастыру;
8) «Дене шынықтыру» пәнін «Дене тәрбиесі» деп қайта атау туралы ұсынысты қарастыру.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының басшыларына:
1) стратегиялық бағыт ретінде анықтау:
- физикалық денсаулық мәдениетін қалыптастыру мүддесінде бұқаралық ақпарат құралдарының, білім беру ұйымдарының және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;
- балалардың дене шынықтыру дайындығы саласындағы барлық мүдделі құрылымдармен әріптестік қатынастарды нығайту;
2) қамтамасыз етілсін:
- педагогтерді республикалық біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
- спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде республикалық іс-шаралардың өңірлік (мектеп, аудандық, қалалық, облыстық) кезеңдерін өткізу;
- салауатты өмір салтын насихаттау және оларды балалар мен жасөспірімдер спортына жаппай тарту мақсатында мектеп оқушылары арасында ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
- белгілі спортшыларды, олимпиадалық қозғалыс жеңімпаздарын, қоғам қайраткерлерін вебинарлар, тренингтер өткізу үшін спикерлер ретінде тарту (алдын ала келісім бойынша);
Білім беру ұйымдарына:
1) Қамтамасыз етілсін:
- білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды аудандық, қалалық, облыстық және республикалық спорттық іс-шараларға қатысуға даярлау;
- цифрлық технологияларды (белсенді компьютерлік ойындар (exergaming), фитнестің жаңа түрлерін, флорбол, фризби, роликті коньки, скейтбординг, чирлидинг, шытырман оқиғалар (adventure education) арқылы оқыту, мектеп маңындағы құрылымданбаған ойындар және т. б.) пайдалана отырып, балалар мен жасөспірімдер үшін жаңа, тартымды қозғалыс белсенділігінің түрлерін қолдану.
2) білім алушылардың дене тәрбиесі мәселелері бойынша жоғары технологиялар апталығын, экскурсиялар, шеберлік сыныптарын және т.б. ұйымдастыру және өткізу;
3) балаларды күні бойы құрылымдық және құрылымданбағанфизикалық белсенділікті қолдауға тарту (белсенді үзілістер, динамикалық үзілістер, сабақтар кезінде және одан кейін құрылымданбаған ойындар);
4) Ықпал етсін:
- заманауи цифрлық технологияларды (әртүрлі акселерометрлер, жүрек соғу жиілігін бақылау құралдары, фитнес-трекерлер, смарт білезіктер, смартфон қосымшалары, компьютерлік бағдарламалар) пайдалана отырып, сабақта және сабақтан тыс уақытта тәрбиеленушілер мен білім алушылардың денсаулығы мен физикалық жай-күйіне мониторинг жүргізуге;
- ақпараттық ашықтықты арттыруға;
- республикалық спорттық іс-шаралардың өңірлік (мектеп, аудандық, қалалық, облыстық) кезеңдерін өткізуге;
5) Жұмыста цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану үшін дене шынықтыру педагогтеріне жағдай жасауға;
6) Жұмыс жандандырылсын:
- басқа өңірлердің үздік ұйымдарымен және әдістемелік қызметтерімен қашықтықтан тәжірибе алмасу бойынша;
- әлеуметтік желілерде білім алушылардың спорттық жетістіктерін дәріптеу (тұрақты) бойынша;
7) Білім алушылар мен ата-аналардың қажеттіліктерін зерделеу процесінде дене тәрбиесіндегі жаңа тәсілдерге және отбасы мен қоғамның сұраныстарына сәйкес өз қызметін өзектендіру бойынша;
8) Педагогтердің немесе ұйымдардың республикалық деңгейдегі тәжірибесін жинақтау үшін ұсыныстар беру бойынша.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына:
1) білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін трансформациялау бойынша өз қызметін жандандыру;
- дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатысу жөніндегі жұмысты күшейту;
- дене шынықтыру бойынша білім беру процесін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- қазіргі қоғамның талаптары мен сұраныстарын ескере отырып, біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру;
- қазіргі заманғы трендтер негізінде спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу нысандары қайта қарау;
2) дене шынықтыру сабақтарында бағалау технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
3) дене шынықтыру мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар (нұсқаулық) әзірлеу;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл орнату;
5) бастауыш сынып оқушыларына арналған жарыстарды 2025 жылға арналған спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына енгізу.