8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

МЕКТЕПТЕГІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРЛЕР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс екенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы «AI SPORT» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық балалар, жасөспірімдер мен студенттер арасында бұқаралық спортты дамытуға цифрлық технологияларды және жасанды интеллект элементтерін енгізуге бағытталған.

Құжатқа Орталықтың бас директоры Арман Ташметов пен «AI SPORT» директоры Ғабит Салтыбаев қол қойды. Меморандум аясында тараптар мынадай міндеттерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

  • мектеп және студенттік спортты онлайн және офлайн челлендждер, турнирлер мен марафондар арқылы дамыту;
  • статистиканы есепке алу, хаттамалар жүргізу, рейтинг қалыптастыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу;
  • оқушылардың жетістіктерін бақылауда AI-талдау құралдарын пайдалану;
  • жаттығу бағдарламаларына білім беру элементтерін енгізу (спорт+қазақ тілі, спорт+ағылшын тілі, спорт+математика);
  • арнайы отбасылық челлендждер арқылы ата-аналар мен отбасыларды спорттық белсенділікке тарту;
  • мектеп лигалары мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды автоматтандыру – командаларды тіркеуден бастап жеребе тартуға дейін.

Оқушылар мен студенттер жаттығуларға қатысу, челлендждер мен турнирлерге қосылу үшін цифрлық платформа мен мобильді қосымшаға қол жеткізе алады. Бұл спортты балалар мен жастар үшін қолжетімді, ашық әрі қызықты ете түседі.

РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.