8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

📚 Дене шынықтыру пәні педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы басталады!

🎯 Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 1 маусымында Шымкент қ-да және Қостанай, СҚО, Алматы, Жетісу, Қарағанды обл-да басталатын курсқа орта білім беру ұйымдарының 50 (әр қалада және облыстарында) дене шынықтыру педагогі қатысады.

🟢 Курс бағдарламасы 7 модульден тұрады. Олардың әрқайсысы дене шынықтыру пәні бойынша білімді тереңдетуге және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Толығырақ ақпарат: +77013737665, +77172725794

2026 жылдың 29 сәуір айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2025 жылғы «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне онлайн форматта курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша республикалық семинар өткізеді.

CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ

 

        ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2026 жылғы 29 сәуірде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтетіндігін хабарлайды.

        Талқылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

        1) құрылымдық бөлімдер қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

        2) ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

        Осыған байланысты, тілек білдірушілер осы талқылауға 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 09:00-де Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6 үй, кеңсе 9 қабат мекенжайы бойынша қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК

«Тоғызқұмалақ» Дүниежүзілік федерациясы

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы сіздерді техникалық және кәсіптік, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлық педагогтеріне арналған  «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады!

Іс-шара барысында педагогтер арасында «Тоғызқұмалақ» пен «Бестемше» зияткерлік ойындарынан республикалық жарыстар өтетінін хабарлайды.

Конференцияның өту уақыты мен орны: 2026 жылғы 5–6 мамыр, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы.

Конференцияға қатысушылар: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары.

Спикерлердің географиясы: Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші ғалымдары.

Конференция жұмысының бағыттары:

1-бағыт. Заманауи білім берудегі педагогикалық идеялар мен инновациялар;

2-бағыт. Жасанды интеллект дәуіріндегі ұлттық зияткерлік және спорттық ойындардың басым бағыттары мен алдағы міндеттері;

3-бағыт. Ұлттық мәдени құндылықтарымыз арқылы зияткерлік әлеуетті қалыптастыру және халықаралық тәжірибемен ұштастыру.

Конференция аяқталғаннан кейін материалдардың электрондық жинағы шығарылады және қатысушылардың мақалалары жарияланады. Барлық қатысушыларға бекітілген үлгідегі сертификаттар беріледі.

Өтінімдерді қабылдау және Конференцияға қатысушылардың тіркелуі 2026 жылғы 26 сәуірге дейін https://docs.google.com/spreadsheets/d/193mdrH62yPBz_QMonLXX2ctihioQ51h4sHno-MFNEKg/edit?usp=sharing,     дискі сілтемесі арқылы тіркелу және мақалалар мен баяндамаларды Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасына жолдау қажет.

Сонымен қатар, Конференцияға қатысу және мақаланы жариялау сұрақтары бойынша ұйымдастыру комитетіне 87712567581, 87077545663, 87024053516 телефондары арқылы хабарласу арқылы жүзеге асырылады.

Іссапар шығындары жіберуші тараптан жүзеге асырылады.

 

 

Конференция аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы ақпарат

  1. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Конституция құндылықтары аясындағы заманауи білім беру: дәстүр мен инновациялар» (2026 жылғы 5–6 мамыр);
  2. Дене шынықтыру саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сағаттары (2026 жылғы 5 мамыр);
  3. «Бестемше» және «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша республикалық жарыстар (2026 жылғы 5–6 мамыр).
  4. Ұлттық ойындардың республикалық көрмесі.

Конференцияға қатысушылардың материалдарын жариялау

 

Конференция қатысушыларының материалдары мен мақала (көлемі
3 бетке дейін). Конференцияның материалдар жинағына (электронды түрде) жарияланады. Мақаланы жариялағаны үшін жарнаны төлеу Орталық шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүзеге асырылады (деректемелер 1-қосымшада ұсынылған).

Мақалаларды қабылдау: 2026 жылғы 15 мамырға дейін.

РК, г.Астана,
Проспект Сарыарка 6
БЦ "ARMAN" 9 этаж
8 (7172) 72-57-90 Отдел кадров
8 (7172) 72-57-92 Спорт отдел
8 (7172) 72-57-93 У/М Отдел
8 (7172) 72-57-94 Повышение квалификации
nnpcfk2024@gmail.com
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.