8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

2025 жылғы 20 наурызда ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша Орталық комлаенс-офицері  Б.Ж. Даулетбаева сөз алып, ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ереже, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Саясат, әдеп қағидалары талаптарының сақталуы, қызметкерлердің аталған Ережелер талаптарын қатаң сақтауы туралы түсіндірді.

Келесі болып заңгер А.Е. Оразбеков сөз алып, Орталықта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, мүдделер қақтығысы көріністерінің алдын алуды анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілетіндігін, осыған орай, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ережелер талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 

2024 жылғы 7 қазанда Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курсқа 615 тыңдаушы қатысуда.

Біліктілікті арттыру курсында Орталықтың білікті тренер-лекторлары өз білімдерімен және практикалық тәжірибелерімен бөліседі, бұл тыңдаушыларға біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар оқу процесінде тың идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы 3 қазанда Ташметов Арман Бақытжанович Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды.
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры – Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы ҰҒПДТО бас директорын тағайындау туралы Министрдің бұйрығымен таныстырып, орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнін жаңғыртудың, дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттырудың, оқушылардың бойында дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
 
Денсаулық пен физикалық белсенділік басымдыққа айналған кезеңде Дене шынықтыру сабағын тартымды әрі тиімді ету және оқу процесіне заманауи әдістердің енгізілуі мен инновациялық тәсілдердің қолданылуы басты рөл атқаратынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
Ғани Бейсембаев:
еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді:
– былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен;
– тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған;
орта білім сапасын арттыру туралы айтты:
– мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген;
– Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.