8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

Өтетін орны: Астана қаласы, Бауыржан Момышұлы д., 5.
Өтетін күндері:
2025 жылғы 4–7 қараша
Салтанатты ашылу рәсімі:
5 қараша, сағат 14:30

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар тең мүмкіндіктер фестивалінде бас қосады

4–7 қараша аралығында Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалі өтеді. Бұл – спорт, достық және өзара қолдау арқылы балаларды біріктіретін бірегей шара.

Фестивальге еліміздің барлық өңірінен 671 оқушы қатысады, олардың ішінде 153 бала ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар. Жас спортшылар бочча, көңілді старттар және жеңіл атлетика түрлері бойынша өз шеберліктерін байқатады.

Шараның басты мақсаты – спорттың бәріне қолжетімді екенін көрсету, әр баланың өз қабілетіне сенуіне мүмкіндік беру. Мұнда «ерекше» немесе «қалыпты» деген ұғым жоқ – тек бір команда, өзара қолдау және ортақ мақсат бар.

«Тең мүмкіндіктер» фестивалі балалардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, сенімділігін арттыруға, достық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, жоба инклюзивті ойлау мәдениетін, салауатты өмір салты мен төзімділік құндылықтарын насихаттайды.

Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Қазақстан–2050» стратегиясын және 2023–2029 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК, «AMANAT» партиясы,

Қазақстан бочча федерациясы мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры.

 

«Тең мүмкіндіктер» – бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл – бірлік пен мейірімнің, өзара сенім мен қолдаудың мерекесі, мұнда әр баланың жеңісі ортақ қуанышқа айналады.

 

БАҚ-пен байланыс:
РМҚК «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» баспасөз қызметі
Гүлден Байзақова – +7 701 196 87 86
Аружан Құттымұратқызы – +7 707 451 44 88
.

Батыс Қазақстан облысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті. Мемлекеттік тапсырыс аясында өткен бағдарламаға 50 педагог қатысты.

Негізгі модульдерден бөлек, тыңдаушылар үшін ерекше мүмкіндік қарастырылды. Орталық пен Қазақстан бадминтон федерациясының ынтымақтастығы аясында оқу бағдарламасына вариативті модуль енгізілді. Аталған модульді федерацияның тәжірибелі жаттықтырушылары өткізіп, теориялық білімдерімен қатар заманауи оқыту әдістерімен бөлісті.

Мұғалімдер ойын ережелерін, әдістемелік ұсынымдарды меңгеріп, практикалық дайындықтан өтті. Нәтижесінде олар негізгі біліктілікті арттыру сертификатымен бірге бадминтон бойынша жаттықтырушы сертификатын да иеленді.

Осылайша, курстар қатысушыларға қосарлы пайда әкелді: біліктілігін арттырудың ресми құжаты мен спорт федерациясының қосымша сертификаты. Бұл педагогтердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, мектеп спортының дамуына жаңа серпін бермек.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы дене шынықтыру саласында еңбек ететін педагогтер, әдіскерлер, нұсқаушылар, тәрбиешілер мен мамандарға арналған республикалық онлайн курстарға қабылдау жүргізілетінін хабарлайды. Оқыту ҚР Оқу-ағарту министрінің №175 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.