8 (7172) 72-57-89
Контакты
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Сарыарка 6, 9 этаж
г.Астана

НОВОСТИ

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы өз қызметінде жасанды интеллект технологияларын алғашқылардың бірі болып енгізуде

2026 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осы стратегиялық бағыт аясында Орталықта барлық негізгі үдерістерді қамтитын және ҰҒПДТО қызметін бірыңғай цифрлық форматқа көшіруге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта екі негізгі бағытты қамтитын арнайы цифрлық платформа әзірленіп жатыр.

Бірінші бағыт — педагогтердің біліктілігін арттыру курстары. Платформа педагогтерді толық қамтып, олардың цифрлық профилін қалыптастыруға, біліктілік деңгейін, оқыту сапасын бағалауға және кәсіби дамудың ашық әрі тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Екінші бағыт — спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. 2026 жылға жоспарланған 115 спорттық жарыс аясында қатысушыларды тіркеуден бастап, әр жарыстың төрт кезеңін өткізуге дейінгі барлық процесс толықтай цифрландырылатын болады.

Жүйе барлық қатысушы үшін ашықтықты, қолжетімділікті және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әрбір спортшы мен педагог жарыстардың өту барысы, нәтижелері және қорытынды көрсеткіштері туралы ақпаратты онлайн форматта еркін ала алады.

Цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын енгізу басқару тиімділігін арттырып, үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге және елдегі мектеп спортының сапалы дамуына серпін береді.

РК, г.Астана,
Түркістан 8/2
БЦ "OLYMP PALACE" 12 этаж
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.