СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 80 САҒАТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 6 ақпанынан бастап «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы республика көлемінде басталды.

Орталықтың атқарылатын жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі дене шынықтыру бойынша  педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу болып табылады.   2022 жылы бюджеттік бағдарлама шеңберінде дене шынықтыру пәні бойынша 1630   педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2023 жылы орта білім беру ұйымдарының 11 982 педагогы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының 685 педагогы, ТжКБ-ның 500 педагогы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарланған. 5 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес,  республика бойынша 3 795 дене шынықтыру мұғалімі курсты тәмамдады.

 Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы нормативтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық бағыттарды, білім сапасын арттыру жағдайында білім беру мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың дене тәрбиесін, ІТ құзіреттіліктерді қамтиды. Лекторлар құрамы 240 адамнан тұрады, оның ішінде 21,25%  ғылым докторлары мен кандидаттары, 33,3% магистрлер, 9,6% педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер және 36% тағы басқалар.

Курс  2023 жылдың желтоқсан айына дейін республиканың барлық өңірлерінде өтеді. Курсқа қатысу үшін жергілікті білім басқармаларына өтінім беру керек.

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.