«Дене шынықтыру пәнін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбындағы баяндама
- Қаралды: 380
Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде 2023 жылғы 18 мамырда өткен ғылыми-практикалық конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының жетекшісі
С. Куптилеуова «Дене шынықтыру пәнін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.
Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі ұйымдастырған «Қазіргі бастауыш мектеп: жетістіктері, мәселелері, перспективалары» Астана қалалық ғылыми-практикалық конференциясына елордадағы бастауыш мектеп педагогері мен «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша мамандар даярлайтын колледж педагогтері, әдіскерлер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Пленарлық отырыстың модераторы, колледж директоры –А.А. Адильжанов конференцияны салтанатты түрде ашылуын жариялады. Бағдарлама бойынша баяндама жасағандар:
- Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысы – С.М. Дауешова: Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлау жүйесі жоғары деңгейде даму жағдайында педагогтердің кәсіби дайындығы болуы шарт екендігіне тоқталды. Өйткені бүгінгі бала мұғалімнің кәсіби дайындығын бірден сезе алатын қабілетке ие екендігі белгілі. Орта білім беру ұйымдарында білім алушының санасына білімді құятын педагогтің көзқарасы, саяси, мәдени ұстанымы, пікірі нық болуы, балалармен тіл табыса алуына сенімді, білім алушылар педагогке қарап бой түзейтін, үлгі алатын тұлға болуы керек.
- Астана халықаралық университетінің президенті, т.ғ.к. – С.А. Ирсалиев өз баяндамасында Бастауыш сынып оқушыларының орта білім алу мүмкіндіктері бойынша әлемдік статистика қорытындысы туралы мәлімет беріп, еліміздің білім сапасының көрсеткішіне тоқталып өтті.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының меңгерушісі – П.Т. Таубай «Заманауи білім беру жүйесі: тәжірибе, инновациялар және әдістемелер» тақырыбында баяндама жасады.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі ҰҒПДТО Дене шынықтыру саласындағы мамандардың, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету зертханасының жетекшісі
С.К. Куптилеуова «Дене шынықтыру пәнін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша бастауыш сынып білім алушыларының әрбір қимыл-қозғалысы белсенді дене қозғалысы екендігін атап өтті. Оқушының қандай да бір жетістікке жетуі ең алдымен оның физикалық денсаулығына тікелей байланысты. Яғни, баланың физикалық саулығы, қабілеті оның өмірдегі басқа да жетістіктерге жетуіне алғышарт болып табылады. Әр жас ерекшелігіне сай қандай жаттығулар кешені ұсынылатындығын, орындалу тәртібіне, ережесіне тоқталды. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы еліміздің барлық өңірлерінде «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында 80 сағаттық курс туралы және біліктілік арттыру курсынан өткен педагог мемлекеттік үлгідегі сертификатқа ие болатындығы жөнінде мәлімет берді.
Әр пәннің өзіндік ерекшелігі бар. Мұғалімнің міндеті – теориялық білімін практикада ұштастыру, әр оқушыға өзінің белсенділігін, шығармашылығын көрсетуге, қозғалыс және танымдық белсенділікті арттыруға мүмкіндік беретін оқыту әдістерін таңдау екенін атап өтуге болады. Сондықтан қазіргі дене шынықтыру сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құндылыққа негізделген білім беру.
- Астана қ. әкімдігінің № 22 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, RWCT жаттықтырушысы – Б.К. Сартаева қазіргі бастауыш мектептің жетістіктері мен мәселелеріне тоқталды.
- Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары – Ж.Е. Кусаинова академиялық тәуелсіздік жағдайындағы педагогикалық колледж түлегінің моделіне тоқталды.
Конференция шеберлік сынып, коучинг, пікірталас, тренинг секілді секциялық жұмыстарға ұласты.