ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА 80 ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
- Қаралды: 180
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА 80 ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар санын 80-ге жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. (мақалаға сілтеме: https://676.su/H2J7)
Қазақстан спортшылары 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына 80 лицензия жеңіп алды. Бұл лицензиялар түрлі спорт түрлерінен сынға түсетін атлеттерімізге өз елінің намысын қорғауға мүмкіндік береді.
Лицензия алу үдерісі күрделі және бірнеше кезеңдерден тұрады. Соның ішінде квалификациялық турнирлерде жақсы нәтиже көрсету, әлемдік рейтингтерде жоғары орын алу және континентальдық квоталарға ие болу.
Қазақстандық спортшылар осы талаптарды орындай отырып қазіргі уақытқа дейін 80 лицензия жинады. Бұл - еліміздің спорттық потенциалы мен дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы олимпиадасы. Төрт жылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алған спортшылар арасында 45 спортшы тұңғыш рет жазғы олимпиада ойындарына қатысады. Ең көп жолдаманы боксшыларымыз жеңіп алды. Былғары қолғап шеберлері 10 салмақта олимпиада жүлдесіне таласады.
Париж Олимпиадасына баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі де мәресіне жетпеді.
Еске салайық, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Енді ұлттық құрамамыздың барлық спортшылары өз дайындықтарын жалғастырып, Олимпиада ойындарына мықты формада баруға тырысады. Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әнұранымызды әуелетіп, еліміздің көк байрағын сан мәрте желбіретеді деп сенеміз.