8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Білім алушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорт түрлері, ережелері бойынша оқушылардың білімін кеңейту мақсатында дене шынықтыру педагогтері біліктілікті арттыру курсынан өтуде

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024  жылғы 10 маусымда дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.

Абай облысындағы «Бизнес және сервис» колледжінің оқу базасында өтіп жатқан «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында дене шынықтыру педагогтері 7 модуль бойынша кәсіби дағдыларын шыңдайды.

Біліктілікті арттыру курсында тыңдаушылар орта білім беру ұйымдарындағы Дене шынықтыру пәнінің оқу процесінде сабақты ұтымды әрі тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін, ұлттық ойындарды дәріптеудің жаңаша бағыттарын, білім алушылардың физикалық дұрыс дамуының кешенді жаттығуларын теориялық және практикалық бағыттарда үйренеді.

Курсқа 51 тыңдаушы қатысуда.

   

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар