Педагогтер кәсіби шеберліктерін арттырып, оқу процесінде түрлі спорттық сайыстарды өткізу арқылы білім алушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту тәсілдерін меңгеруде
- Қаралды: 125
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 10 маусымда дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Түркістан облысындағы Сайрам ауданы № 14 М. Сапарбаев атындағы орта білім беретін мектептің оқу базасында өтіп жатқан «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында дене шынықтыру педагогтері 7 модуль бойынша кәсіби дағдыларын шыңдайды.
Біліктілікті арттыру курсында тыңдаушылар орта білім беру ұйымдарындағы Дене шынықтыру пәнінің оқу процесінде сабақты ұтымды әрі тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін, ұлттық ойындарды дәріптеудің жаңаша бағыттарын, білім алушылардың физикалық дұрыс дамуының кешенді жаттығуларын теориялық және практикалық бағыттарда үйренеді.
Курсқа 60 тыңдаушы қатысуда.