Дене шынықтыру педагогтері оқу процесінде сабақты ұтымды әрі тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін, ұлттық ойындарды дәріптеудің жаңаша бағыттарын меңгеруде
- Қаралды: 130
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 10 маусымда дене шынықтыру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Ақмола облысындағы «Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің» оқу базасында өтіп жатқан «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында дене шынықтыру педагогтері 7 модуль бойынша кәсіби дағдыларын шыңдайды.
Біліктілікті арттыру курсында тыңдаушылар орта білім беру ұйымдарындағы Дене шынықтыру пәнінің оқу процесінде сабақты ұтымды әрі тиімді ұйымдастырудың заманауи әдістерін, ұлттық ойындарды дәріптеудің жаңаша бағыттарын, білім алушылардың физикалық дұрыс дамуының кешенді жаттығуларын теориялық және практикалық бағыттарда үйренеді.
Курсқа 50 тыңдаушы қатысуда