«Дене тәрбиесі жаршысы» ғылыми-практикалық журналы үздік педагогикалық практиканы жариялау үшін ұсынылған басылымдардың тізіміне енді. Бұл біздің еліміздегі дене тәрбиесі мен спорт саласындағы білім беру мен ғылыми жетістіктерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді.
Енді дене шынықтыру педагогтері өздерінің ғылыми мақалалары мен әдістемелік әзірлемелерін «Тәжірибені жалпылау және тарату» өлшемшарты бойынша осы беделді журналда жариялай алады. Бұл педагогтардың еңбектерін танытуға, тәжірибелерімен бөлісуге және кәсіби қауымдастықтың назарын аударуға үлкен мүмкіндік.
2024 жылы үздік педагогикалық практиканы жариялау үшін ұсынылған басылымдардың толық тізімін келесі сілтеме арқылы көре аласыз:
Барлық педагогтерді өздерінің ғылыми және әдістемелік жұмыстарын жариялауға шақырамыз!
ҚР, Астана қ., Сарыарқа данғылы, 6 БО "АРМАН" 9 қабат 8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі 8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі 8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі 8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру nnpcfk2024@gmail.com info@nnpcfk.kz