Бас қаламыз Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында чемпиондар лигалары өтіп жатыр.
Жас балуандар қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі бойынша боз кілемде бақ сынауда. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша 3 күн бойы үздіктерді анықтайды.
Жауырыны жерге тимеген Қажымұқан, Балуан Шолақтай даңқты тұлғалардың ізін басып келе жатқан 500-ге жуық жас балуан 9-11 шілде аралығында күрестің көрігін қыздырмақ.
Сайыпқырандарымыз сынға түсіп жатқан сайысқа келіп жанкүйер болайық. Керемет белдесулердің куәсі болыңыздар!
ҚР, Астана қ., Сарыарқа данғылы, 6 БО "АРМАН" 9 қабат 8 (7172) 72-57-90 Кадр бөлімі 8 (7172) 72-57-92 Спорт бөлімі 8 (7172) 72-57-93 О/Ә бөлімі 8 (7172) 72-57-94 Біліктілікті арттыру nnpcfk2024@gmail.com info@nnpcfk.kz