Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
- Қаралды: 229
Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 7-8 сынып оқушылары арасында 15 команда қатысып, барлығы 60 оқушы бақ сынасты. Жарыс спорттық шеберлікті арттыру, ұлттық ойындарды насихаттау және оқушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Тоғызқұмалақ – логикалық ойлау мен стратегияны талап ететін қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл жарыс оқушылардың аналитикалық қабілеттерін дамытуға, зияткерлік деңгейін арттыруға ықпал етті. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық пен шеберліктерін көрсетіп, керемет ойындар өткізді.
Жарыс нәтижелері:
I орын: Маңғыстау облысы
II орын: Түркістан облысы
III орын: Ақмола облысы
Жеңімпаз атанған Маңғыстау облысы командасы ерекше тактикалық тәсілдерімен көзге түсті. Түркістан облысы мен Ақмола облысының командалары да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Бұл жарыс ұлттық ойындарды жаңғыртып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, олардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосты.