ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАННАН БАРАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
- Қаралды: 230
ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАЗАҚСТАННАН БАРАТЫН СПОРТШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтетін жазғы олимпия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынады.
Бұл тізім Спортты дамыту дирекциясының сайтында жарияланды: http://surl.li/bbudgk
Бокс – 10 лицензия
- Назым Қызайбай – 50 кг
- Карина Ибрагимова – 57 кг
- Валентина Хальзова – 75 кг
- Сәкен Бибосынов – 51 кг
- Сабырхан Махмұд – 57 кг
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 63,5 кг
- Асланбек Шымбергенов – 71 кг
- Нұрбек Оралбай – 80 кг
- Айбек Оралбай – 92 кг
- Қамшыбек Қоңқабаев – +92 кг
Дзюдо – 9 лицензия
- Абиба Абужақынова – 48 кг
- Эсмигуль Куюлова – 63 кг
- Камила Берлікаш – +78 кг
- Елдос Сметов – 60 кг
- Ғұсман Қырғызбаев – 66 кг
- Данияр Шамшаев – 73 кг
- Абылайхан Жұбаназар – 81 кг
- Нұрлыхан Шархан – 100 кг
- Аралас командалық сайыста – дзюдодан Қазақстан құрамасы
Спорттық гимнастика – 8 лицензия
- Милад Карими – көпсайыс, тіреніп секіру, еркін жаттығу, ат снаряды, шығыршық, қос сырық, керме жаттығуы
- Нариман Курбанов – ат снаряды
Жеңіл атлетика – 8 лицензия
- Жанна Мамажанова – марафон
- Нора Джеруто – стипль-чез
- Дейзи Джепкемей – стипль-чез, 10 км жүгіру
- Надежда Дубовицкая – биіктікке секіру
- Елизавета Матвеева – биіктікке секіру
- Ольга Сафронова – 200 метрге жүгіру
- Давид Ефремов – кедергілер арқылы 110 метрге жүгіру
Нысана көздеу – 6 лицензия
- Ислам Сатпаев – пневматикалық винтовка, 10 м
- Арина Алтухова – винтовкамен 3 позицияда нысана көздеу, 50 м
- Никита Чирюкин – тапаншамен жылдам оқ ату, 25 м
- Александра Ле – пневматикалық винтовка, 50 м
- Константин Малиновский – винтовкамен 3 позицияда нысана көздеу, 50 м
- Ирина Юнусметова – пневматикалық тапанша, 10 м
Каноэ мен байдаркада ескек есу – 6 лицензия
- Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий – байдарка, 500 м (1 жұптық, 1 жекелей)
- Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров – каноэ, 500 м (1 жұптық, 1 жекелей)
- Мария Бровкова мен Руфина Искакова – каноэ, 500 м (1 жұптық, 1 жекелей)
Семсерлесу – 5 лицензия
- Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай мен Эльмир Әлімжанов – семсерлесуден командалық сын
- Айгерім Сарыбай – қылыштасу, жекелей сын
Теннис – 5 лицензия
- Елена Рыбакина – жекелей сын
- Юлия Путинцева – жекелей сын
- Александр Бублик – жекелей сын
- Александр Шевченко – жекелей сын
- Александр Бублик пен Александр Недовесов – жұптық сын
Грек-рим күресі – 4 лицензия
- Айдос Сұлтанғали – 60 кг
- Демеу Жадыраев – 77 кг
- Нұрсұлтан Тұрсынов – 87 кг
- Әлімхан Сыздықов – 130 кг
Еркін күрес – 4 лицензия
- Мейрамбек Қартбай – 57 кг
- Азамат Дәулетбеков – 86 кг
- Әлішер Ерғали – 97 кг
- Юсуп Батырмурзаев – 125 кг
Садақ ату – 4 лицензия
- Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко – командалық сын
- Ильфат Абдуллин – жекелей сын
- Дәулеткелді Жаңбырбай – жекелей сын
- Александр Еременко – жекелей сын
Велоспорт – 3 лицензия
- Алексей Луценко – жекелей сын, уақытқа жарыс, топтық жарыс
- Евгений Федоров – топтық жарыс
Стенд ату – 3 лицензия
- Әсем Орынбай – скит
- Эдуард Ещенко – скит
- Мария Дмитриенко – трап
Жүзу – 3 лицензия
- Әділбек Мусин – 100 метр, баттерфляем, еркін әдіспен
- Ксения Игнатова – 100 метр, шалқалай жүзу
Қазіргі бессайыс – 2 лицензия
- Елена Потапенко – әйелдер арасында
- Георгий Борода-Дудочкин – ерлер арасында
Таэквондо – 2 лицензия
- Самирхон Абабакиров – 58 кг
- Батырхан Төлеуғали – 80 кг
Велотрек – 2 лицензия
- Андрей Чугай – кейрин, спринт
Бадминтон – 1 лицензия
- Дмитрий Панарин
Академиялық ескек есу – 1 лицензия
- Владислав Яковлев
Батуттағы гимнастика – 1 лицензия
- Данил Мусабаев
Көркем гимнастика – 1 лицензия
- Елжана Таниева – көпсайыс
Триатлон – 1 лицензия
- Екатерина Шабалина
Үстел теннисі – 1 лицензия
- Кирилл Герасименко
Құзға өрмелеу – 1 лицензия
- Әмір Маймұратов – жылдамдық
Брейк-данс – 1 лицензия
- Әмір Закиров
Бұл спортшылар Қазақстанның абыройын Париж Олимпиадасында асқақтатады деп сенеміз. Олар өздерінің жоғары дайындығы мен жігерінің арқасында ел намысын лайықты түрде қорғайтын болады.