ИСПАНИЯ ҚҰРАМАСЫ 4 ДҮРКІН ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
- Қаралды: 212
ИСПАНИЯ ҚҰРАМАСЫ 4 ДҮРКІН ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Футболдан Еуропа Чемпионатының финалында Англия ұлттық құрамасын 2:1 есебімен жеңген Испания құрамасы өз тарихында төртінші мәрте Еуропа чемпиондары атанды. Осыған дейін Испания құрамасы 1964, 2008, 2012 жылдары чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.
Гарет Саутгейт баптайтын ағылшындар екі Еуропа Чемпионатының финалында жеңіліс тауып отыр. Тұманды Альбион елінің құрамасы 2020 (2021) жылы Италия құрамасынан ойын соңындағы пенальтиден ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Германия астанасында ұйымдастырылған финалдық ойынның алғашқы жартысында есеп ашылмай, 47-минутта Нико Уильямс Ламин Ямальдің пасын кәдеге жаратып есеп ашқан еді. Алайда, 74-минутта Коул Палмер Джуд Беллингемнің нәтижелі пасынан кейін есепті теңестіріп кетті. Одан кейін 87-минутта Мигель Оярсабаль жеңіс голын соғып командасын алға шығарды. Ағылшын құрамасы жанталаса қимылдағанымен бұл есепті өзгертуге шамалары жетпеді. Осылайша Испания құрамасы Еуропаның 4 дүркін үздігі атанған жалғыз құрама болды.
Чемпионаттың нәтижесі бойынша Манчестер Сити командасында ойнайтын испандық жартылай қорғаушы Родри турнирдің үздік ойыншысы атанса, 17 жасқа енді толған Ламин Ямаль турнирдің үздік жас ойыншысы болды. Ал, үздік сұрмергенге тиесілі жүлдеге Дани Ольмо ие болды.