ГИМНАЗИЯДА КӨРКІ - ТЕҢБІЛ ДОП
- Қаралды: 158
ГИМНАЗИЯДА КӨРКІ - ТЕҢБІЛ ДОП
Алатаудың бөктеріндегі Алматы шаһарында жасөспірімдер сынға түсіп жатыр. Аладопты жандарына серік еткен 16-18 жастағы өрендеріміз XII Жазғы гимназиада аясында мини-футбол сайысының көрігін қыздыруда.
Жас спортшыларымыздың шеберлігін шыңдап, достық қарым-қатынастарын нығайтуды мақсат еткен сайыс ұлдар және қыздар арасында өтуде. Бәсекеге бірқатар облыстардан жасөспірімдер келген.
Ұлдар арасында:
1. Алматы
2. Ақтөбе облысы
3. Атырау облысы
4. Маңғыстау облысы
5. Қызылорда облысы
6. Жамбыл облысы
7. Түркістан облысы
Қыздар арасында:
1. Алматы
2. Маңғыстау облысы
3. Қызылорда облысы
4. Ақтөбе облысы
5. Жамбыл облысы
Доп додасы жаһан жұртшылығының сүйіп көретін бәсекесі десек, құрлықтық аламанда сынға түсетін спортшылар да осындай сайыстардан шыңдалып шығары сөзсіз. Бұл сайыстар жас спортшылардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне серпін береді. Бәлкім, қазақ құрамасының Ямалы мен Никосы осы сайыста жүрген шығар.
Барлық қатысушыларға сайыста сәттілік тілейміз. Жарыс 19 шілдеге дейін жалғасады.