Сыр өңірінде өтіп жатқан Ұлттық мектеп лигасының ойындары мәреге таяп келеді.
Сыр өңірінде өтіп жатқан Ұлттық мектеп лигасының ойындары мәреге таяп келеді.
Қаралды: 156
Сыр өңірінде өтіп жатқан Ұлттық мектеп лигасының ойындары мәреге таяп келеді. Күн сайын жарыс көрігін қыздырған талантты жасөспірімдер кіл мықтыны анықтау үшін барын салуда. Атап айтқанда, лигас аясында 9-11 сынып оқушылары (қыз балалар) арасында волейболдан ұйымдастырылған «Шұбар доп» республикалық жарысы тартысқа толы өтуде.
Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 11 команда қатысты. 14-21 шілдеге дейін созылатын республикалық әуе доп додасына 15 бапкер 114 оқушысын бастап келгенін айта кетуге болады. Олар:
1.Қызылорда облысы 12
2.Ақтөбе облысы 8
3.Шымкент қаласы 10
4.Түркістан 12
5.Қарағанды 12
6.Жамбыл облысы 12
7.Атырау облысы 12
8.Маңғыстау облысы 12
9.Алматы қаласы 12
10.Батыс Қазақстан облысы
11.Ақмола облысы 12
Жасөспірімдердің таудай таланты мен ерік жігерін шыңдай түсуді мақсат еткен сайыс дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын болады. Биылғы доданың бәсін биіктетіп, жарысты жоғары деңгейде өткізіп жатқан азаматтарға шын жүректен алғыс айта отырып, сайыс қатысушыларына сәттілік тілейміз!
ҚР, Астана қ., Түркістан 8/2 БО "OLYMP PALACE" 12 қабат 8 (7172) 73-48-10 info@nnpcfk.kz