«Цифрландыру жағдайындағы білім алушылардың физикалық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онлайн форматта дене шынықтыру пәні педагогтерінің республикалық секциясы өткізілді.
- Қаралды: 170
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 15 тамызда «Цифрландыру жағдайындағы білім алушылардың физикалық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онлайн форматта дене шынықтыру пәні педагогтерінің республикалық секциясы өткізілді.
Секция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім беру ұйымдары мен өңірлік орталықтардың басшылары, дене шынықтыру педагогтері мен әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың нұсқаушылары, жалпы 1000-ға жуық дене шынықтыру педагогтері қатысты.
Дене шынықтыру педагогтері оқушылардың дене шынықтыру сапасын арттыруда жасанды интеллектке бетбұрысты бастап кеткендігін айтып, оқу процесінде тиімді қолданып, білім алушылардың дұрыс қозғалысын қадағалау бойынша әдістерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Білікті ұстаздар жасанды интеллект өнімін ұтымды пайдалану әдістерін ортаға салды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директоры – М. Медетбекова «Білім беруді цифрландыру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі заманғы дене шынықтыру педагогтері білім алушыларға дұрыс тамақтану, дене қозғалысы бойынша жаттығулардың адам денсаулығына әсері, дене мәдениеті және т.б. әдістерімен әркез бөлісуге дайын болуы қажет екендігін назарға алуды тапсырды.
Ұлттық ғылыми-праткикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының м.а. – С. Куптилеуова «Жаңа жағдайда дене шынықтыру білімін трансформациялау» деген тақырып аясында жасанды интллектті сауатты қолдану арқылы мектеп оқушыларының денсаулығы мен физикалық жай-күйін сабақта да, сабақтан тыс уақытта да онлайн режимде қозғалыс белсенділігін, жүрек соғуы жиілігін бақылауға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды.
Білікті педагогтер жасанды интеллекттің білім алушылардың ақпаратты тез меңгеруіне, шығармашылық жобаларын, үй тапсырмаларын жылдам орындауына ықпал ететін көмекші құрал болып табылатындығына назар аударды. Исраилов Руслан Жабраилович «Fora.Vision» қосымшасы арқылы кешенді жаттығуларды құрастырып, оның орындалуын бақылауға болады деп оқу процесіндегі тәжірибесімен бөлісті;
Орталықтың тренер-лекторы, Астана қ., Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ақпараттық технологиялар пәнінің мұғалімі магистр, педагог-зерттеуші – Медеуов Амангелді Мерғалиұлы «Дене шынықтыру сабақтарында цифрлық ресурстарды пайдаланудың өзектілігі» тақырыбында баяндама жасап, біліктілікті арттыру курстарында дене шынықтыру пәнінің педагогтеріне қажетті қосымшалармен жұмыс жасау ерекшеліктерін үйретті;
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, №1 Саумалкөл орта мектебі, педагог-зерттеуші, дене шынықтыру педагогі – Скворцов Николай Николаевич «Цифрлық білім беру аясында QR кодтар қолдану арқылы дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың ынтасын арттыру» тақырыбындағы баяндамасында білім алушылардың интернет желісінде көптеген ақпараттарға назар аударып, уақытын жоғалтпастан, дене шынықтыру жаттығуларын (бейнеролик/презентациялар) QR код арқылы тез әрі жылдам меңгеруге болатындығын ортаға салды.
Секцияда спикерлер балалардың дене шынықтыру пәнінде қозғалыс мәдениетін, физикалық белсенділігін арттыруға қажетті маңызды тақырыптарды талқылады.