2025 жылға арналған іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын талқылауға арналған кеңес өткізілді.
- Қаралды: 142
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәжіліс залында бүгін дене шынықтыру саласындағы 2025 жылға арналған іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын талқылауға арналған кеңес өткізілді.
2025 жылға арналған халықаралық, республикалық, бұқаралық спорт және дене шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарын талқылауға арналған кеңеске өңірлердегі дене тәрбиесі орталықтарының басшылары мен әдістемелік кабинеттердің, дене шынықтыру және спорт саласының жетекші мамандары қатысты.
Отырысты ҰҒПДТО бас директорының м.а. А. Ташметов ашып, өңірлердегі орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін педагогтердің физикалық дайындығын, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған аттестаттауды өткізудің маңыздылығына тоқталды. Мектеп оқушыларының физикалық дамуы жолында спорттық ойындарды насихаттап, жарыстарды ұйымдастыруда еңбек етіп жүрген педагогтерді қолдау мәселесін ортаға салды.
Талқылау барысында өңірлерден келген тәжірибелі де білікті мамандар республика көлемінде өткізілетін Ұлттық мектеп лигасы мен Гимназиада жарыстарына жүйелі қатысу үшін Облыстардың есеп беру рейтингісіне мектеп оқушыларының спорттық жарыстарға қатысу көрсеткіші тармағын енгізуді ұсынды. Өйткені республикалық жарыстарға қатысуда қаржыландыру мәселесі өзекті екені айтылды.
Білім алушыларды спортқа баулуда орта білім беру ұйымдарында «спорт сыныптарын ашу» мәселесі де назардан тыс қалмады.
Қатысушылар өз өңірлері бойынша бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті.