8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Щучинск қаласы «Bai-Bura» курорттық аймағының базасында спорттық бағдарлау жарыстары жалғасуда

Щучинск қаласы «Bai-Bura» курорттық аймағының базасында спорттық бағдарлау жарыстары жалғасуда.
 
Өңірлерден келген 6 команданың қатысуымен қызықты өтіп жатқан сайыста білім алушылар әртүрлі маршруттарды басып өтіп, әсем табиғат аясында тамаша командалық жұмысты, стратегиялық ойлауды және физикалық төзімділіктерін, спорттық дағдылары мен ептіліктерін шебер көрсетуде.
 
Жарыс барысында Қазақстан Республикасы Президенттік Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы С. Муканов жарысқа қатысушылардың барлығына спорттық бағдарлауда сәттілік тіледі.
 
Инспектор табиғатты аялаудың маңыздылығын да еске салды. Ұлттық паркте қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін атап өтті. Қоқыс тастамай, рұқсат етілмеген орындарда от жақпай және тез тұтанатын заттарды қолданбай, қоршаған ортаға зиян келтірмей, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қоршаған ортаны құрметтеуге шақырды.
 
Сонымен қатар, Орталықтың аға сарапшысы Р. Бексемуратов оқушылар арасында өткізіліп отырған жарыстың ұйымдастырылуына, оқушылардың дайындық сапасына, жаттықтырушылар мен төрешілердің жарысты өткізудегі дайындықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен жаттықтырушылар/төрешілер арасында жарыс барысында туындауы ықтимал мәселелерге қатысты әдістемелік консультациялық кеңестер берді.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар