8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Ташметов Арман Бақытжанұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды

2024 жылғы 3 қазанда Ташметов Арман Бақытжанұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры қызметіне тағайындалды.
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры – Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы ҰҒПДТО бас директорын тағайындау туралы Министрдің бұйрығымен таныстырып, орта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнін жаңғыртудың, дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттырудың, оқушылардың бойында дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
 
Денсаулық пен физикалық белсенділік басымдыққа айналған кезеңде Дене шынықтыру сабағын тартымды әрі тиімді ету және оқу процесіне заманауи әдістердің енгізілуі мен инновациялық тәсілдердің қолданылуы басты рөл атқаратынын айтты.
ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАҢАЛЫҚ
  • ПЕДАГОГТЕРГЕ
  • ҒЫЛЫМ
  • Спорт
  • АЙМАҚТАР
  • Әдістемелік материалдар
  • меморандумдар