Волейболдан клубтар арасындағы республикалық жарыс басталды
- Қаралды: 58
Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 20 қарашада Астана қаласы № 108 орта мектеп базасында волейболдан клубтар арасындағы республикалық жарыстың ашылу салтанаты өтті.
ҰҒПДТО Спорттық іс-шараларды өткізу, статистика және талдау бөлімінің басшысы Д. Байбосынов, № 108 орта мектеп директоры Г. Жарылгапова, Астана қ. Волейбол федерациясының вице-президенті Н. Төлендиев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жас спортшыларға байрақты бәсекелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуге сәттілік тіледі.
Жарысқа 26 команда бойынша (ұлдар/қыздар) 312 спортшы қатысуда.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас волейболшылар осындай жарыстарға қатысу арқылы командалық рухты, өзіне деген сенімділікті дамытып, өз өңірінің намысын қорғап, спорттық қабілеттерін шыңдай түседі және өзара достық орта қалыптастырады.
26 қарашада төрешілер үздіктерді анықтайтын болады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!