ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ
- Қаралды: 610
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 22.09.2021 жылы «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Мұндай пәндік олимпиада елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.
Ең алғашқы олимпиада қатысушылары - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Жамбыл, Павлодар облыстарының оқушылары. Олимпиадаға 5-6, 7-8 сынып оқушыларынан 9 команда қатысуда.
Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика мен теория тапсырмаларынан сынақ тапсырады.
Пәндік олимпиада мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Сондықтан да алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараға қолдау көрсетіп, оқушыларымызға сәттілік тілеп отырайық!
Олимпиада қорытындысы 23.09.2021 ж. белгілі болады.