«Жайлы мектеп»: оқушылардың білімі мен денсаулығы үшін жаңа мүмкіндіктер
- Қаралды: 10
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылатын ұлттық жоба еліміздің білім беру инфрақұрылымын түбегейлі жақсартуға бағытталған. 2026 жылға дейін бағдарлама аясында 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектепттің құрылысы жоспарлануда. Бұл білім беру мекемелері ең заманауи жайлылық, қауіпсіздік және инклюзия талаптарына сай болып, барлық оқушылар үшін сапалы білім алуды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар министр «Жайлы мектеп» жобасы оқушылардың білім алуымен қатар, олардың денсаулығына кешенді көзқарас қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Осы орайда, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірге пилоттық жобаны іске қоспақ.
Бастама аясында мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау үшін медициналық скрининг жүргізу жоспарланып отыр. Жиналған мәліметтер негізінде:
- Кәсіби диетологтардың қатысуымен тамақтану бойынша ұсыныстар;
- Дене шынықтыру педагогтері және жаттықтырушылармен бірлесе жасалған жаттығулар мен физикалық белсенділік кешені;
- Оқушылардың денсаулығын физикалық және эмоционалдық жағдайын ұзақ мерзімді түрде жақсарту мақсатында мониторинг жүргізу сияқты жеке бағдарламалар әзірленеді.
Егер пилоттық жоба жоғары тиімділік көрсетсе, оның нәтижелері елдегі басқа мектептерде да жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Бұл мектеп оқушыларының денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында білім беру процесінің бөлінбес бөлігіне айналатын жүйе құруда маңызды қадам болады.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақстан мектептеріндегі оқушылар үшін жайлы, қауіпсіз және денсаулыққа қолайлы орта құруға өз үлесін қосып, жобаны жүзеге асыруда белсенді қолдау көрсетуге дайын.