«Балалар денсаулығын сақтау: Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің бірлескен жұмысы»
- Қаралды: 3
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың тапсырмасы бойынша білім беру мекемелерінде балалардың денсаулығын сақтау және алдын алу мәселелері бойынша бірлескен жұмыс белсенді жүргізілуде. Осы бастама аясында бірінші кеңес өтті. Жиында бейінді ведомстволар мен ұйымдардың бірлескен жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.
Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілдері қатысты.
Орталықтың бас маманы Абылайхан Батыров баяндама жасап, жұмыстың басым бағыттарын атап өтті. Талқылау барысында тараптар аурулардың алдын алуға кешенді тәсілді қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту және білім беру процесіне заманауи әдістемелерді енгізу бойынша күш-жігерді үйлестіру мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды.
Кеңеске қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, өскелең ұрпақтың денсаулығы үшін қолайлы жағдай жасау стратегиясымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы диалогты жалғастыру және жақын арада жұмыс жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды. Келесі кеңес жақын арада өтеді, онда жоспарланған бастамаларды іске асыру жөніндегі шаралар нақтыланатын болады.