Аймақтық дене шынықтыру орталықтарымен онлайн жиналыс өтті
- Қаралды: 565
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушы С.К. Садықов аймақтық дене шынықтыру орталықтарымен онлайн жиналыс өткізді.
Жиналыста Ұлттық мектеп лигасын өткізу туралы сөз қозғалды.
Еске салсақ, мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарыс - жас ерекшеліктеріне қарай спорттың 9 түрі бойынша (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, асық ату-бес асық, президенттік тест, үстел теннисі, тоғызқұмалақ) 4 кезеңнен өткізілетін жарыс додасы.
Онлайн жиналыста Лиганың жалпы ережесінің мақсаты мен міндеттері айтылып, бағдарламасы бойынша өткізілетін 9 спорт түрі сарапқа салынды.
Жарыс ережесі аймақтық дене шынықтыру орталықтарының директорлары арасында талқыланып, нәтижесінде оң шешімін тапты.
Лиганың:
I кезеңі - қазан-қараша;
II кезеңі - ақпан-наурыз;
III кезеңі - наурыз-сәуір;
IV кезеңі - сәуір-шілде айларында өткізу белгіленді.