ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІ БАДМИНТОН БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ АТАНДЫ
- Қаралды: 149
Батыс Қазақстан облысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті. Мемлекеттік тапсырыс аясында өткен бағдарламаға 50 педагог қатысты.
Негізгі модульдерден бөлек, тыңдаушылар үшін ерекше мүмкіндік қарастырылды. Орталық пен Қазақстан бадминтон федерациясының ынтымақтастығы аясында оқу бағдарламасына вариативті модуль енгізілді. Аталған модульді федерацияның тәжірибелі жаттықтырушылары өткізіп, теориялық білімдерімен қатар заманауи оқыту әдістерімен бөлісті.
Мұғалімдер ойын ережелерін, әдістемелік ұсынымдарды меңгеріп, практикалық дайындықтан өтті. Нәтижесінде олар негізгі біліктілікті арттыру сертификатымен бірге бадминтон бойынша жаттықтырушы сертификатын да иеленді.
Осылайша, курстар қатысушыларға қосарлы пайда әкелді: біліктілігін арттырудың ресми құжаты мен спорт федерациясының қосымша сертификаты. Бұл педагогтердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, мектеп спортының дамуына жаңа серпін бермек.


