29 маусым 2026 ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара
- Қаралды: 18
2026 жылғы 29 маусымда ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Орталық комлаенс-офицері Б.Ж. Даулетбаева ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ереже, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Саясат, әдеп қағидалары талаптарының сақталуы, қызметкерлердің аталған Ережелер талаптарын қатаң сақтауы туралы айтты.
Сонымен қатар, Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау қорытындысы туралы айтты. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысы көріністері байқалса шұғыл комплаенс-офицерге хабарлау туралы, әдеп қағидалары нормаларын қатаң сақтау туралы айтылды.


