Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйымдар арасында онлайн-жиналыс өтті
- Қаралды: 524
Бүгін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйымдар арасында онлайн-жиналыс өткізді. Жиналысқа Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының өкілдері, қалалық, аймақтық басқарма басшылары, әдіскерлері, өңірлік дене шынықтыру және спорт орталықтарының директорлары және ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының қызметкерлері қатысты.
Жиналыста «дене тәрбиесі» пәні бойынша маңызды екі сұрақ талқыланды:
- бірінші сұрақ бойынша: «2021-2022 оқу жылындағы дене шынықтыру бойынша оқу жүктемесі және оқу – әдістемелік нұсқаулық хат» туралы Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының вице президенті Мухаметханова Алмагуль Кенесханқызы;
- екінші сұрақ бойынша: «Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорт секциялардың төленетін төлемақысы» туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының міндетін атқарушы Садықов Сағдат Кәбірұлы сөз сөйледі.
Жиналыс қатысушылары ойларында жүрген көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.