Әлем чемпионатында жеңімпаздар қатарынан көрінген қос спортшыны жүлдесімен құттықтаймыз!!!
- Қаралды: 543
Әлем чемпионатында жеңімпаздар қатарынан көрінген қос спортшыны жүлдесімен құттықтаймыз!!!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері еркін және әйелдер күресінен жастар арасында Әлем чемпионатының жүлдегерлері – Нилуфар Раимова және Мадина Аман Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған ХІ жазғы Универсиада алаңында топ жарып, үздік өнер көрсеткен еді.
Нилуфар Раимова Қазақстанға 13 жыл арман болған алтын жүлдені жеңіп алды. Мадина Аман өзінің ерік-жігерінің нәтижесінде қола жүлдені иеленді. Біз осындай шәкірттеріміздің барына мақтанамыз. Алдағы жарыстарда тек қана жеңіс тілейміз! - деді Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы.
Ректор Жанар Амангелдіқызы жеңімпаз студенттерге университеттің Өкілетті Кеңесінің Төрағасы, профессор Мухиттин Шимшектің атынан ноутбук тарту етті. Сондай-ақ, спортшылар мен бапкеріне Түркия Республикасында сауықтыру-оңалту орталығында тынығу үшін 10 күндік жолдаманың сертификатын табыстады. Балуандардың жаттықтырушысы мен ата-аналарына арнайы құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Еске салайық, еркін және әйелдер күресінен жастар арасында Әлем чемпионаты Ресейдің Уфа қаласында 16-22 тамыз аралығында өтті. Байрақты бәсекеде Нилуфар Раимова 57 келі салмақта алтын жүлде және Мадина Аман 59 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде иегері атанды.