"Жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламасы, дене шынықтыру сабағының 3 сағаты" тақырыбына онлайн-жиналыс өтті
- Қаралды: 584
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 қазан күні "Жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламасы, дене шынықтыру сабағының 3 сағаты" туралы онлайн-жиналыс өтті. Онлайн-жиналыс «Мектепке дейінгі және орта білім беру комтитеті» төрағасының орынбасары Карамбаев Жомарт Петровичтің және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице президенті Мұхаметханова Алмагүл Кеңесханқызы, "Дене шынықтыру" пәні бойынша «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Мадженов Серікқазы Тұрсынбайұлы,"Дидактика" зертханасы меңгеруші Сайлаубаев Әкімжан Әбдіхалықұлының қатысуларымен өткізілді.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармаларының методистері, аймақтық дене шынықтыру орталықтарының директорлары «дене шынықтыру» пәні бойынша туындайтын басты сұрақтарды қоя алды.
Онлайн-жиналыстың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.