Ұлттық мектеп лигасы
- Қаралды: 785
«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қазан күні «BINOM EDUCATION» мектебінде «Ұлттық мектеп лигасы» І кезеңінің салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова қатысты.
Министрлер Ұлттық мектеп лигасының мектеп кезеңінің басталуына бүкіл республика бойынша старт берді.
Ұлттық мектеп лигасына спорт түрлері бойынша (баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, баскетбол 3х3, асық ату – бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, гандбол,үстел теннисі) жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының оқушылары ғана қатыса алады. Өз білім ордасындағы сайыстардың жеңімпаздары қалалық кезеңге, әрі қарай облыстық, республикалық жарыстарға жолдама жеңіп алатынын еске саламыз!
Ұлттық мектеп лигасының І, ІІ, ІІІ, ІV кезеңдерінің қатысушыларына сәттілік тілейміз!