СІЗДЕ СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА? СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ӨТІҢІЗ
8 (7172) 72-57-89
Байланыс
nnpcfk2020@yandex.kz
E-mail
Түркістан 8/2, 12 қабат
Астана қ.

ЖАҢАЛЫҚ

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық мектеп лигасы» аймақтарда бастау алды

Ұлттық мектеп лигасы спортты серік еткен жас чемпиондардың қос қанаты! Алға қарыштап қырандай қалықтайтын жас спортшылар келешекте Әлем чемпионы – Олимпиада чемпионы атанып, бұл жобалардың тарихына чемпиондардың есімі алтын әріппен жазылады.

Бұл жобаның негізгі мақсаты балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, республика бойынша дарынды балаларды анықтау болып табылады.

Мектепшілік, аймақтық, облыстық кезеңдерде топ жарып, жеңіске жеткен командалар республикалық кезеңге жолдама алады. Сондай-ақ, жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК арнайы дипломдарымен, медальдарымен, кубоктарымен марапатталады.

Биылғы Ұлттық мектеп лигасы елеулі оқиғаларға, айшықты сәттерге толы болады деген сенімдеміз!

Саналы да салауатты ұрпағымызды тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздарымыздың еңбектері ақталып, шәкірттері биіктерден көріне беруіне тілек білдіреміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08

 

ҚР, Астана қ.,
Түркістан 8/2
БО "OLYMP PALACE" 12 қабат
8 (7172) 73-48-10
info@nnpcfk.kz
© Design by 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.