Мектеп спортындағы жаңа көкжиектер
- Қаралды: 587
Алғаш рет Қазақстан Мектеп спорты федерациясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бірлескен онлайн-конференциясы өтті.
Оны өткізу бастамасын екі тарап та қолдады, дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру, мектеп лигаларын кеңінен танымал ету, педагогикалық ұжымдардың дене шынықтыру-спорт жұмысына деген ынтасын арттыру және білім беру субъектілерін жалпы білім беретін мектептер оқушыларының халықаралық спорт қозғалысымен интеграциялау қажеттілігінен туындап отыр.
Конференция шеңберінде сындарлы диалог өтті, оның барысында тараптар дене шынықтыру және спорт саласындағы нақты проблемаларды жан-жақты талдап, талқылады, олар бойынша практикалық шешімдер, оның ішінде бірлескен қызметті күшейтуге бағытталған шешімдер қарастырылды.
Тараптар Халықаралық мектеп спорт федерациясының спорттық бәсекелестік саласындағы қағидаттарының маңыздылығына назар аударды, олардың мақсаты спорттағы бұқараны қамтамасыз ету және кәсіби спорт ұйымдарының атынан мектеп командаларының лигаларына қатысуды шектеу болып табылады.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов атап өткендей, күштердің бірігіп шоғырлануы қалыптасқан спорт дәстүрлерінің түбегейлі өзгеруіне және мектеп спортын ілгерілетудің жаңа нысандарына қол жеткізуге әсер етеді.
Қазақстанның мектеп спорт Федерациясы білім беру субъектілерінің дене шынықтыру және спорт саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне бұлжытпай ықпал ететін болады, деп мәлімдеді оның басшысы Нұржан Нұрахметов.
Конференция қорытындысы бойынша тараптар бірлескен міндеттерді жүзеге асыруға, жекелеген жобалар бойынша келісімге келді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
Қазақстан мектеп спорт федерациясы